Іздеу Жазбалар Хат жолдау Жазбаны жүктеу Қызметтер

Dropbox - деген не?!

welcome to dropbox!

Dropbox — файлдарды интернет желісінде сақтауға мүмкіндік беретін интернет сервис. Яғни, интернет жады(память).

Dropbox-тан берілетін жадыңызды пайдалану үшін, алдымен, тіркелу керек. Және арнайы бағдарламаны жүктеп алып, қондыру керек. Сол кезде, сізге дропбокстың толық сыры ашылады. Осы мақалада, мен сіздерді осы сервиспен жақынырақ таныстырамын.

Dropbox-тың мүмкіндіктері(қысқаша):

Dropbox-тағы тіркелу беті мынандай:

welcome to dropbox!

Ия, байқағаныңыздай бұл жерде бәрі ағылшын тілінде! Қазақ тіліндегі нұсқасы өкінішке орай әзірге жоқ. Жақын арада пайда боларына сенеміз. Бірақ, мен сіздерге бұл беттің аудармасын ұсынамын! Төменгі суретте барлық жазулардың аудармасын келтірдім. Осы суретке қарай отырып, сіз оңай тіркеле аласыз деп ойлаймын. Не бары 4-ақ жолды толтырып сіз Дропбокстың қолданушысы бола аласыз. Барлық жолдарды толтырып болғаннан кейін, "Дропбокс ережелерімен келісемін" деген ұяшықты белгілеп "Create account" деген көк батырманы бассаңыз сіздің ақпарат сақталып, сізді программаны жүктеу бетіне ауыстырып жібереді.

Егер тіркелу бетіне өткіңіз келсе мына сілтемені басыңыз.

dropbox-қа тіркелу

Егер үстіңгі беттен өтіп, төменгі сереттегідей сізге дропбокстың бағдарламалық қамтамасын жүктеуді ұсынса, онда сіз тіркеуден өтіп қойған болып есептелесіз, құттықтаймын! Ендігі қадам, бағдарламаны жүктеп, синхронизацияның мүмкіндігін пайдалану. "Сохранить файл" дегенді басып жүктеу үрдісін бастаймыз. Жүктеу аяқталғаннан кейін бағдарламаны екі рет шерту арқылы қондырасыз. Ал егер жүктеу ұсынысы әлі де шықпаған болса, онда көк жазумен жазылып тұрған "restart the download" деген сілтемені басып көріңіз.

download dropbox!

Қондыру барысында, төменде көрсетілгендей жаңа бейнешік пайда болуы тиіс. Құдай қаласа, ол сізге бағдарламаны пайдалануға мүмкіндік беретін болады. Сонымен қатар, жүктелу үрдісі кезін және тағы да бірнеше жағдайларды бейнелеп, сізді ақпараттындырып отыратын болады.

icon on windows

Қондыру аяқталғаннан кейін, бағдарлама сізге екі нәрсеге таңдау қояды. Олар:

Біз суреттегідей, аккаун бар деген екінші таңдауды шертіп, төмендегі бұрыштағы "Next" батырмасын шертеміз. Себебі, біз жоғарыда аккаунт жасап алған едік. Егер біреулер аккаунт жасамай, бірден бағдарламаны қондырған жағдайда, олар бірінші таңдауды таңдап, аккаунтты бағдарлама арқылы жасауына мүмкіндік жасалған.

go in dropbox

Ендігі қадам, өз жәшігімізге кіру. Емайлыңыз бен құпия сөзіңізді енгізесіз. "Computer name" деген жерге компьютердің атын оның қолданылу аясына қарай атау қажет. Яғни, егер жұмыста қондырсаңыз "Жұмыс копьютері", үйде болса үйдегі. Бұлай атау кейін қай компьютерден қай файлды жүктегеніңізді және жалпы қай компьютермен қандай амал жасағаныңызды ажыратып алуыңызға септігін тигізеді.

go in dropbox

Бітті, осымен біз қондыру үрдісін толық аяқтадық. Қалғаны оңай, төмендегі батырманы шерте беру ғана қалды.

Енді, қондыруды аяқтаған кезде бағдарламаның қолданылуына тоқтала кетсек. Бағдарламаның тағы қандай мүмкіндіктері бар екен? сол туралы...

Бағдарламаның бейнешесіне тышқанның оң жақ батырмасын шертсеңіз төмендегідей бейнені көресіз. Жоғарыдан төмен қарай менюдағы тізім мынандай:

preferences

Баптаулардың (Preferences) мүмкіндіктеріне тоқталайық. Алдымен Genetral (жалпы) баптаулар беті ашылады. Терезенің үстінгі бөлігінде үш амалдың белгішесі берілген:

Және осы үш белгішенің астында сізге автоқосылуларды басқаруға мүмкіндік берілген. Бұл амал флешканы компьютерге салған кезде, диск салынғанда орындалатын автоқосылу терезесіндегі дропбокстың активтілігін басқаруға қатысты...

preferences

Келесі суретте аккаунтар баптауы көрсетілген. Бұл беттен сіз бағдарламаға бекітілген аккаунттарды қосып өшіре аласыз.

preferences

Келесі сурет Желілік баптауларға байланысты. Бұл жерде сіз жүктеу немесе жаңарту жылдамдықтарына шектеу қоя аласыз.

preferences

Ендігі баптау проксиге қатысты. Көбінесе бұл баптау қозғаусыз тұрады. Ал егер сіз қандай да бір серверге баулаулы тұрсаңыз, осы жерден өз серверіңіз бен портыңызды енгізуіңіз керек.

preferences

Баптаудың соңғы жағына келіп қалдық. Бұл кеңейтулер беті, төменде көрсетілген. Бұл жерде сізге алдымен дропбоксқа арналған папканың орналасуын ауыстыруға болады.

Екіншіден (Selective sync), синхронизацияланатын папкаларды шектеп қоюыңызға болады. Төменде осы батырманы таңдағанда шығатын мүмкіндіктер көрсетілген, арнайы тоқталамыз.

Үшіншіден, сізге жүйе тілін ауыстыруға мүмкіндік берілген, бірақ жоғарыда айтылғандай, әзірге қазақ тіліне ауыстыру мүмкіндігі жоқ(Орыс тіліне де аударылмаған).

preferences

Төмендегі сурет Advanced -> Selective Sync -деп таңдағанда шығады, бұл жерден жәшігіміздегі папкалардың тізімін көреміз. Егер белгішені алып тастасаңыз, сол папка сіздің компьютерге жүктелмейтін болады. Бірақ интернет жәшігіңізде сол күйінде тұра береді.

Сол жақ төменде "Swich to Advanced view" деген батырма арқылы тек бастапқы папкаларды емес, олардың ішіндегі папкаларды да басқаруға мүмкіндік бар. Ол келесі суретте көрсетілген.

preferences

"Swich to Advanced view" батырмасы басылғаннан кейінгі көрініс.

preferences

сөзімнің соңында, виндоус мәзірінде тұратын бейнешенің әдемі көрінісін тағы бір көрсетіп кетейін =). Барлық файлдар жүктеліп тұрғaндағы бейнесі осындай.

preferences

Ал мынау интернеттен жүктеп жатқан күйінің көрінісі.

preferences

Назарларыңызға рахмет! Егер жазба ұнаса, достарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыздар!

Шын жүректен, Елдес Қайсар!