Іздеу Жазбалар Хат жолдау Жазбаны жүктеу Қызметтер

Kcell CONNECT модемін дамыту

Ксел модемдері қалыпты жағдайда тек қана ксел және актив нөмірлерін қабылдайды. Менің тұрғылықты жерімде билайн операторының интернет жылдамдығы жылдамырақ болғандықтан, маған билайн нөмірі арқылы интернетке қосылу қажет болды.

Usb-модем нөмірді интернетке байланыстырушы құрал болғандықтан, оның тек 1 операторды ғана емес, кез келген нөмірді қабылдай алу мүмкіндігі болғаны заңды. Яғни, ол мүмкін. Операторларға олардың тек сол операторға тиесілі нөмірді қабылдағаны ұтымды. Сондықтан, олар модемді жасағанда бағдарлама деңгейінде басқа нөмірлерді қабылдамау үшін модемге бұғат салады(блокировка). Ал біз сол бұғатты алып тастаудың амалын жасап көрмекпіз.

Ол үшін бізге DC Unlocker бағдарламаcын жүктеу қажет болады.

Бағдарламаны қолдану жолы ішіндегі сипаттамалық құжатта жазылған. DC Unlocker арқылы модемнің бұғатын алып тастасаңыз, енді сіздің модем билайннан басқа барлық нөмірді қолдауы керек(менікі теле2 нөмірін қабылдай бастады). Ал билайнды қабылдау үшін тағы да баптау жасау керек. Себебі, билайн операторының байланыс орталығының адресі басқалардан өзгеше.

Ол баптауды жасау үшін, "Мой компьютер"-ді оң жақ батырмамен шертіп Управление - Диспетчер устройств - қа кіреміз.

Диспетчер устройств

Құрылғылардың тізімінен Модемы-ді таңдап, өз модеміңізді оң жақ батырмамен шертіп, "Свойства"-ны таңдаймыз. Алдыңызға мына терезе ашылады:

Модемы-Свойства

Бұл жерден "Дополнительные параметры связи" бөлімін таңдаймыз.

енгізілген ақпарат

Міне осы жердегі "Дополнительные команды реализации"-дан кейінгі тексттік жолға мынаны енгізіңіз: AT+CGDCONT=1,"IP","internet.beeline.kz" . Болды, енді сіздің модем билайн нөмірін қабылдай береді. Басқа еш нәрсенің керекгі жоқ. Билайн нөмірі салынған модемді саласыз, ксел бағдарламасы іске қосылады. Бұрышта Актив деген оператор атын көрсететін жерде Билайн КЗ деген жазу шығады. Подключить пернесін шертіп, интернетке кіре бересіз! Қайтадан актив нөмірімен кіру үшін, жасалған баптауды орнына келтіру керек.

нәтиже

Егер жұмыс барысында қандай да бір ақаулар шықса, мына сілтемені ұсынамын: http://ru.d-ws.biz/articles/3gmodDiagWin.shtml

Назарларыңызға рахмет! Пайдалы ақпаратпен бөлісуді ұмытпаңыз:

Шын жүректен, Елдес Қайсар!