Іздеу Жазбалар Хат жолдау Жазбаны жүктеу Қызметтер

Видео жүктеу әдісі

Күнделікті өмірде, интернет парақтарын ақтарып жатып, бізде интернет беттеріндегі видеоларды жүктеу қажеттілігі туады. Интернеттегі браузер бетінде көрініп тұрған видеоны міндетті түрде жүктеп алуға болады. Ең оңай әдісін мен сіздерге қазір баян етемін.

Қазіргі браузерлердің мүмкіндіктері кең, оларға неше түрлі қосымшалар қосып, интернет серуенін әлде қайда жеңілдетуге болады. Соның бір мысалы NetVideoHunter қосымшасы. Бұл Мозилла Фаерфоксқа арналған қосымша болып табылады.

Қалай қосамыз?

Мына дайын сілтемеге кіріп, "Добавить в Firefox" деген батырманы басамыз.

добавить в Файрфокс

Батырманы басқан кезде қосымшаны браузерге жүктеу басталады.

загрузка

Жүктеу аяқталып болғаннан кейін, сізден бағдарламаны қондыруға рұқсат сұралады. "Установка программы" деген терезе ашылады.

Установка программы

Ол жерден "Установить сейчас" батырмасын басу керексіз. Бағдарлама қондырылып болғаннан соң браузерді өшіріп, қайта қосу қажет. Сол кезде, жоғарғы жақта жаңа таңба пайда болғанын байқайсыз. Сол таңба арқылы сіз енді кез келген видеоны оңай жүктей аласыз! Құттықтаймын!

preferences

Қолданылуы

Бұл қосымшаны қолдану үшін интернет желісінен кез келген видеоны ашу керек. Және видеоны қосу керек, видео ойнап бастаған кезде НетВидеоХантер таңбасы жанып-өшіп сізге белгі береді, яғни видеоның көзі анықталады. Енді видеоны тоқтатып, нетВидеоХантер-ден "загрузка" деген батырманы басып өзіңізге жүктей аласыз.

Төменде берілген видеоны қосып, НетВидеоХантер таңбасының өзгерісін бақылап көріңіз. Жанып-өшкен белгіні көрген кезде, екі рет шерту арқылы бағдарламаны қолданып көріңіз.

Назарларыңызға рахмет! Пайдалы ақпаратпен бөлісуді ұмытпаңыз:

Шын жүректен, Елдес Қайсар!