Компьютер таңдау білесіз бе?
- Компьютерді таңдаудан қиналамын, компьютерлер тізімінің көптігі сонша, оның барлығын қарап отыруға ниетім де уақытым да жоқ. Ондай болса, арнайы дүкенге барып, осы сұрақты консультант сатушыға қоюға болады. Бірақ олардың көпшілігі сізге қымбатырақ тауарды өткізбек ниетте, сондықтан олар көбінде сіздің жағдайыңызды ойлап басын қатыра қоймайды.
Ендеше, осы мақала сізге арналады!
«Компьютерді қалай таңдау керек?» деп сұрамастан бұрын, ол компьютерді қандай мақсатта алып жатқаныңызды анықтауыңыз керек: офистік жұмыстар істеуге, ойын ойнауға, интернете отыру үшін, ал мүмкін аудио мен видео көру мақсатында ғана шығар. Осы аталған мақсаттардың барлығы болуы да мүмкін.
Таңдаудағы ескерер нәрселер келесі: сапа – бағасы – қажеттілігі. Таңдау жасағанда міндетті түрде не үшін қажет екенін ескере отырып алған жөн.
Сонымен, компьютер бізге не үшін қажет екенін анықтап алдық. Бұл бізге компьютерге қойылатын нақты талаптарды, оның бізге қажет мүмкіндіктерін анықтау үшін керек болады. Компьютерлік техниканы біле бермейтін адамға компьютер таңдау үшін келесі бірнеше параметрлерді білсе жеткілікті.
Компьютер таңдауға қажет негізгі сипаттамалар:
- 1. Процессордің түрі және тактілік жиілігі(өлшем бірлігі Гигагерц - ГГц). Тактілік жиілігі көп болған сайын компьютердің амалды орындау тездігі артады. Ядролар(өзектер) санына да мән берген жөн. Әрине, процессорды бағалаудың сипаттамалары көп, бірақ шатаспау үшін қысқаша осы жетеді.
- 2. Оперативті жады көлемі(Өлшем бірлігі Гигабайт - Гб). Қазіргі уақытта, меніңше 2Гб-тан төмен алмау керек. 4Гб тіптен жақсы болады. 32 биттік операциялық жүйелер 4Гб-тан артық көрмейтіні есіңізде болсын, яғни егер сіз 8Гб оперативті жады алып, 32 биттік операциялық жүйе қондырсаңыз, онда 4Гб қолданылып, қалғаны жоқ секілді болады.
- 3. Видеокарта. Егер сізге графикамен жұмыс жасау немесе ойынға арналған компьютер керек болса, онда видеокарта алынбалы/салынбалы болу керек. Яғни, бекітілмеген, алынып салуға келетін болу керек. Өлшем бірлігі Мб(Мегабайт) немесе Гб(Гигабайт). 1Гб=1024Мб. Және жиілігі болады – Гц. Кейде видеокарта оперативті жадыдан бөлінеді деп жазады, үлкен ойындар үшін ол жарамайды.
- 4. Аналық плата(Материнская плата) . Форм-фактор – бұл платаның размері, мысалы АТХ, бірақ бұл соншалық маңызды емес, жұмыс жасап тұрса болды. Шина жиілігі(Гц) – мынау негізгі көрсеткіш.
- 5. Қатқыл дисктің көлемі және жылдамдығы. Қатқыл дисктің көлемі үлкен болған сайын, оған көбірек ақпарат сияды. Өлшем бірлігі гигабайт (Гб) немесе терабайт (Тб). 1Тб=1024Гб. Көп ақпарат сақтау керек жағдайда, көбірек алу керек. Мысалға 1 Видео файл орташа есеппен 0,5 – 1Гб болады, 500Гб диск алсаңыз сізге 300-400 сондай видеодан және бағдарламаларды қондыруға жетеді. Көп жағдайда 320Гб-тың өзі де жетіп жатады.
- 6. Операциялық жүйе. Сатылымда Windows, Macintosh, Linux операциялық жүйелері кездеседі. Егер сіз тек Windows-ты ғана білсеңіз, басқасына бас қатырмай ақ қойыңыз. Көбісі байқамайды, негізінде жүйе қондырылмаған, таза компьютер алып, кейін қондырып алуға болады. Таза компьютердің бағасы да арзанырақ болады. Жүйені бәрібір өшіріп, өзінің жүйесін қондыратындарға солай жасаған дұрыс.
- 7. Салқындату жүйесінің сапасы. Өте көп компьютерлер, әсіресе ноутбуктер сапасыз немесе дұрыс есептелмеген салқындату жүйесінен зардап шегеді. Бұл сұрақты шешу үшін интернет форумдарындағы адамдардың ойлары ғана көмекке келе алады. Немесе тәжірибелі таныстарыңыз болса.
- 8. Оптикалық привод. Ең көп форматтарды оқып және жаза алатынын таңдау керек, мысалы super multi.
- 9. Сыртқы тетіктер. usb тетіктер көбірек болғаны ыңғайлы, әсіресе ноутбуктарда. Картридердің болғаны жақсы, ол әр түрлі флешкаларды оңай ашуға жақсы. Әсіресе, фотоаппаратпен немесе ұялы телефонмен көп жұмыс жасайтын адамдар үшін маңызы бар. Егер сіздің теледидарыңызда hdmi тетігі болса, онда компьютеріңізде де арнайы тетіктің болғаны видеоны теледидарға қосып көруге мүмкіндік беретін болады.
- 10. Ноутбуктарға ауырлығын және батареяның жұмыс уақытын ескерген жөн.
- 11. Монитордың жақсысын, сапалысын таңдаған жөн. Диаметрі қатты кішкентайын емес, орташа немесе үлкенірек алсаңыз ыңғайлы болады. Кейбір мониторларда сәулелік әсер болады, сондықтан стандарттарын қарап, арнайы белгілерін байқау керек.
Осы мақаланы меңгергеннен кейін сізге көп нәрсе түсінікті болды деп ойлаймын. Енді компьютер таңдау сізге жеңілірек болатынына сенемін. Егер қандай да бір сұрақтарыңыз болса авторға хабарласуыңызға әбден болады. Және осы тақырыппен бөлісуді ұмытпаңыз!
Егер сіз компьютер таңдау мәселесін маманға тапсырғыңыз келсе, біз сізге компьютерлік консалтинг қызметін ұсынамыз!
Шын жүректен, Елдес Қайсар!