Сайт жасау
Қазіргі уақытта Қазақстанда сайт жасау күннен күнге дамып келе жатыр. XXI ғасыр - ақпарат заманы, қазір әр үйде дербес компьютер және интернет бар. Әр адам өзінің қалаған ақпаратын үйде отырып, артық қиындықсыз интернет парақтарынан көре алады.
Бүгінде, өзін сыйлайтын әрбір қызмет орнында, фирмаларда жеке сайттары бар немесе жасалып жатыр, себебі сайт арқылы адам өзінің бизнесін кеңейтіп, жұмысын жеңілдетіп, клиенттердің санын көбейтіп, табысты көбейтуге септігін тигізеді!
Қазіргі кезде, веб-сайт жасау жаңа деңгейге қадам басты. (Президентімізді айтпағанда) Әрбір әкімнің интернетте жеке парақшасы бар. Электронды үкімет жобасы жасалып бітті және тез арада қазақ интернет алаңында жаңа интернет дүкендер, порталдар, әр түрлі фирмалардың визитка сайттары жарық көруде.
Cайттың маңызы неде? Одан не пайда?
- Веб-сайт сізге жаңа тұтынушыларды, жаңа жеткізушілерді, жаңа серіктестерді табуға көмектеседі. Себебі, олар сізді интернеттен көріп, тану мүмкіндігі артады.
- Сайт сізді қоғамның арасында алдыңғы қатарлы, заманға сай, нарық жағдайына қарай қимылдайтын фирма ретінде танылуыңызға себеп болады.
- Жарнаманың ең арзан және көлемді әдісі.Кез-келген адам интернет арқылы сіздің сайтыңызға кіреді де, өзіне қажетті ақпаратты біле алады.
- Уеб-сайт сіздің бизнесті географиялық түрде кеңейтеді. Сіз өзіңіз туралы тек қана жақын маңайда ғана емес, сізден бірнеше шақырым алыс жерлерге де жариялай аласыз.
- Байланыстың оңай жүйесін жасауға мүмкіндік береді. Ол сізге клиенттердің ойларын білуге, әлсіз тұстарды анықтап, нарық жағдайына тез бейімделуге септігін тигізеді. Сонымен қатар, өндірушіге тікелей хабарласа алу мүмкіндігі өнімнің абыройын, өтімділігін арттырады.
Бағасы қандай?
Сайттың бағасы оның күрделілігіне қарай 20000тг бастап одан қымбат болуы мүмкін. Бұл мәселе әр тапсырыс берушінің жағдайына қарай жеке анықталады. Нақтырақ ақпарат алу үшін сұрақтарыңызды жолдауыңызға болады!
Төлем қалай жүреді?
Төлемнің 2 түрі бар:
1) Қолмақол төлем
2) Банк арқылы
Төлемнен бұрын тапсырыс беруші жасалған жұмысты көріп, тексеруіне міндетті түрде мүмкіндік жасалады!
Тапсырыс
Байланыс телефоны: 8707-861-70-37, Е-mail: e-kaisar@mail.ru немесе байланыс бөлімінен сұрақтарыңызды жолдауыңызға болады!
Шын жүректен, Елдес Қайсар!